«Көңілді старт» спорттық сайысы

Аягөз қалалық №5 орта мектептің спорт залында аудандық ішкі саясат бөлімімен Аягөз қалалық мешітінің ұйымдастыруымен «Әйел – Қыздар» секторы мүшелері арасында «Көңілді старт» атты спорттық сайыс өтті.

Сайысқа төрт команда қатысып, 10 турдан астам эстафеталық жарыста бақтарын сынады. Сайыс қорытындысы бойынша І – ші орын – «Жұлдыз» командасы, ІІ – ші орын «Алғыр» командасы, ІІІ – ші орын «Достық» командасы, ІV – ші орын «Самұрық» командасы иеленді. Сонымен қатар «Ең жүйрік», «Ең белсенді», «Ең шапшаң», «Үздік капитан» номинациясы бойынша марапат табысталды. Қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар берілді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.