Семей қалалық “Шамшырақ” зағиптар клубында өткен кездесу

Семей қалалық Орталық мешітінің наиб имамы Бауыржан Құмарғазыұлымен кездесу болып өтті. Кездесу барысында бүгінгі күннің өзекті мәселесі - діни экстремизмінің зауалы жөнінде уағыз айтылды.

Діни экстремизм бүгінде зауалын әлемге тигізуде. Олардың асыл дініміз Исламды жамылып, белгілі бір көзделген мақсаттарына жету үшін түрлі іс-әрекеттерге, соңы қайғылы жағдаймен аяқталатын істерге баратыны туралы түсінік берілді. Діни экстремизмнің түрлері өте көп. Қай-қайсысы да діни қағидаларды негізсіз бұрмалау арқылы айналасындағыларға теріс идеология жүргізе бастайды. Олардың басты құралдарының да бірі – осы. Әртүрлі ұйымдар лаңкестік іс-әрекет арқылы өздерінің саяси-экономикалық мәселелерін шешкісі келеді.

Сондықтан да бұл мәселе өзекті. Зағиптар клубының жетекшісі алдағы уақытта клуб мүшелерінің мешіт имамдарымен жиі кездесіп тұратынын айтты.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.