Наурыз мерекесі құтты болсын!

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей өңірі бойынша бас имамы.

 Мұқанов Асқар Әбітайұлы   

Баршаңызды ұлтымыздың  төл мейрамы  – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ару көктемнің келуімен Жер Ана түлеп, күн мен түн теңеледі. Халқымыз осындай сәтте „әз-Наурыз құтты болсын!” деп, мейірімді Жаратушы Иемізден   елге ырыс, береке-бірлік тілейді.

Елағалары мереке кезінде  араздасқандарды табыстырып, елдің ынтымағын нығайтуға атсалысқан. Үлкендердің ақ батасын алып, бір-бірімізге ізгі тілек айтайық. Ақ дастарханымыз әрдайым жақсылыққа жайылсын!

Көктем келісімен халқымыз шаруаның қамына кірісіп, білек сыбана  қызу еңбекке кіріседі. Байтақ даламыз төрт түлікке толып, қамбамыз астықты болсын!

 Алла Тағала Тәуелсіз Отанымыздың мерейін үстем етіп, халқымызды  кездейсоқ апаттан, ауру-сырқаудан сақтасын!

Егеменді еліміздің аспаны ашық болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!