«БЕРЕКЕЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ УАҚЫТЫ ҰЗАРТЫЛДЫ

«Берекелі отбасы» атты байқауының шартында «байқауға қатысуға ниетті әр отбасы ҚМДБ-ның muftyat.kz ресми сайтындағы байқау ережесімен танысып, осы жылдың 17 сәуіріне дейін berekeli-otbasy@mail.ru поштасына жазбаша өтінім жолдауы қажет» деп көрсеткен едік.
 Оқырмандар талабына орай байқауға қатысу уақыты 25 сәуірге дейін ұзартылды. Сондықтан үлгермей қалған байқауға қатысушы отбасылар болса, әлі де мүмкіндік барын еске салғымыз келеді.

Бірінші орын алған отбасыға (4 адамға) – отандық шипажайға жолдама, екінші орын алған отбасыға – тоңазытқыш, үшінші орын алған отбасыға – үлкен плазмалық теледидар, сондай-ақ 5 отбасыға ынталандыру сыйлығы беріледі. Қосымша мәліметтер алу үшін +7 (7172) 999-866 телефонына хабарласуға немесе berekeli-otbasy@mail.ru поштасына хабарлама қалдыруға болады.

Байқаудың толық ережесімен осы жерден таныса аласыздар. Байқауда бақ сынаңыз! Сәттілік тілейміз!