ӨМІРІМ ӨТІП БАРАДЫ…

Әбу Бәкір (р.л.ғ.) бірде: “Қайсы бір адам ақшасын жоғалтып  алған кезде, ол күні бойы “менің ақшам кетті, менің ақшам  жоғалды”, – деп  үздіксіз айтумен  болады, алайда  өмірі өтіп бара жатса да, ол: “менің өмірім өтіп барады,  менің өмірім  өтті”, – деп ешқашан қапаланып, айтқан емес”, – депті.

Сүбханалла! Бүгінгі таңда   уақытының қадірін біліп, зая кетіп жатқан есіл уақытына іші ашыған мүміндердің  көбін байқай бермейсің. Жоқ, әлде олар өлімді мүлдем санадан шет қалдырған ба?!

Осы күндері біздің көпшілігіміз  Құранды оқып, жүректі оятуды, һәм пайдалы дәрістерді үйренуді, мешітте жамағатпен намаз оқуды әрі өткен дәрістерді қайталау үшін бауырларымызбен кездесуді кейінге қалдырдық…

Қазірде баршамыз  теледидар алдына телміріп, компьютерлік ойындармен көкжиегімізді кеңейттік, мұсылмандар ешқашан білмеген және ойнап та көрмеген ойын-футбол бойынша әлем  чемпионатын  тамашалаудан бір сәт те босамай қалдық.

Айтылмыш ойындар мен көңіл көтерулер  Аллаға сенушілерді төмендегі жағдайларға душар етті:

  1. Өміріндегі ең қажеттіні қалдырып, аса қауіптісі-міндеттелген дүниелерді тастауға мәжбүр етті.
  2. Әурет жерлер мен жалаңаш тәндерге қарауға;
  3. Ақшасын бекерге шашуға;
  4. Теріс әрекеттерді жақсы көріп, шашбауын көтере дәріптеп, олардың жанкүйерлеріне айналуға;

…Мұның бәрі қысқаша айтқанда ғана.

…Сонда сіздердің балаларыңызды кім тәрбиелейді?…Теледидар ма? Әлде, компьютер ме?!

Сіз ше?  Құранды толыққанды оқып, жаттап алып, балаларыңызға  Құранды үйреттіңіз бе?

…Сіз барлық  рухани дәрістерді тыңдап, оны отбасыңызға жеткіздіңіз бе?!

…Сіз науқастардың көңілін сұрап, жақын туыстарыңызға бардыңыз ба?!

…Бейітте жатқан қабір тұрғындарына барып, өлімнің хақ екендігін бірер минут еске алдыңыз ба?!

…Кедейлерді тамақтандырып, оларға садақа тараттыңыз ба?!

…Әрі абзал деп танылған амалдардың барлығын  жасап  қойдыңыз ба?!

…Ислам осы үшін келген жоқ па?!

Біздің дәуірдің адамдары

Футболға-90 минут

Сериалға- 60 минут

Фильмге-120 минут

Намазға- 5 минут

Уатсапта-300 дос

“В контактіде” 800 дос

Жақын жерде- 50 дос

Қиындыққа душар болғанда тек БІР ғана дос қалады.

Жанға бататыны – сіздің жаназаңызға тек отбасыңыз ғана қатысады.

Ал қараңғы қабіріңізде сіз мәңгі ЖАЛҒЫЗСЫЗ. Бұлай таңданбаңыз, өмір дегеніміз – осындай… Басқаша қалай болуы мүмкін деп ойлап едіңіз?…

Шын мәнінде, сізге тек сіздің  тұрақты мекеніңіз-қабіріңіз  ғана көмектеседі.

Сіз  өзіңіздің Құраныңызға  шаң қонғанын байқасаңыз, онда өзіңізді  қазірден бастап-ақ,  жоқтай беріңіз.

Ақиқатында, кімде-кім  Құранды оқуды   үш күн бойы қалдырса, сол адам  тастанды деп саналады.

Кімде-кім  өзінің жастығын міндетсініп, құлшылықты артқа тастаса, сіз  қабірде тек қарттар ғана жатады деген жазуды оқыдыңыз ба?

Бұл жалған тек үш күндік ғұмыр керуені.

Біз тіршілік таңын атырған кешегі күн ешқашан оралмайды.

Көрген  бүгінгі күніміз  мәңгілікке жалғасын таппайды. Ал ертеңгі күнде қайда жүретініміз ешкімге  беймәлім құбылыс емес пе?!

Сондықтан уақыт көші алға жылжыған сайын ажалдың апанына жақын қалғандығымызды сәулелі сананың төрінен ұмыт қалдырмағандығымыз ләзім. Ақыл иелері үшін тозақ-мәңгілік, жұмақ-мәңгілік.

Сол үшін бірыңғай пайдалы амалдармен айналыссақ, сізге пайдасызын тастау жеңіл болады. Ұлы Жаратушымыз Құранда  осы хақында: “Үгітте, өйткені, үгіт мүміндерге пайда береді”, – деп  баршамызға ескерткен /Зарият, 55/.

 

Дереккөз: fondihlas.ru

Орыс тілінен аударған: 

М. Бақдәулетқызы.