СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ ОРАЗА АЙЫНЫҢ БАСТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

«Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі Хатшылығы атынан Сізді және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұжымын күллі әлем мұсылмандары үшін қасиетті, айлардың сұлтаны – Рамазан мерекесімен құттықтаймын! Бұл мүбәрак айда мұсылмандардың жүректері мейірімділік пен ізгілікке толып, қамқорлық пен қайырымдылық істер жасауға ұмтылады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының көпконфессиялы Қазақстан қоғамының бірлікте өмір сүруіне, мұсылман қауымының ынтымақта болуына қосқан салмақты үлесін бағалай отырып, елдің дамуы мен тұрақтылығын сақтау жолындағы құнды қызметіңізге табыс тілеймін» деді Дариға Назарбаева.