Мешіт ауласына қоян келді (ФОТО)

Карантин кезінде Нұр Астана мешітінің ауласына жабайы қоян қоныстанды.
Елорданың сол жағалауында орналасқан мешіт маңында ұзынқұлақтың қалай пайда болғаны белгісіз. Кезекші мешіт қызметкерінің айтуынша, қоянның мешіт ауласына қоныс тебуі карантин басталғаннан кейін байқалған.

Айта кетейік, Қазақстанда қоянның 3 түрі – ақ қоян, құм қоян және ор қоян кездеседі.  Қалың қар түсетін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда негізінен ақ қоян кездеседі.