БАС МҮФТИ БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти
Қоғамға имандылық пен адамгершілікті, ізгілік пен бірлікті насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі айрықша мәнге ие.

Елімізде төтенше жағдай жарияланған сындарлы сәтте халыққа үміт сыйлап, жұртымызды жақсылыққа жұмылдырып, жігерлендіру жұмыстарында ақпарат құралдарының осы бағыттағы жауапты қызметі арта түсті.

Осы ретте өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Отбасыларыңызға бақ-береке, амандық пен бірлік тілеймін. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының игі іс-шараларына ақпараттық қолдау көрсетіп, асыл дінімізді насихаттау жұмыстарына белсене араласқандарыңыз үшін айрықша алғысым мен риясыз ризашылығымды білдіремін.

Алла Тағала ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге жар болсын! Халқымыз аман, еліміз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай. Әмин!