«БІР АЛЛАНЫҢ АТЫМЕН – КЕЛ БАЛАЛАР ОҚЫЛЫҚ!» атты жазғы онлайн сабақ!

Құрметті Мұсылман қауым! Сіздерді Семей қаласы, Қос мұнаралы орталық мешітінің ұйымдастырып жатқан «БІР АЛЛАНЫҢ АТЫМЕН – КЕЛ БАЛАЛАР ОҚЫЛЫҚ!» атты жазғы онлайн діни сауат ашу курсына ШАҚЫРАМЫЗ.

Білім – ақ пен қараны ажырататын, адам баласының көзін ашатын Алла Тағаланың адам баласына берген үлкен сыйы. Білім – ақыл мен парасаттың белгісі. Раббымыз Құранда: «Алла Тағала сендерден иман келтіргендер мен ғылым берілгендердің дәрежесін жоғарылатады. Алла сендердің істегендеріңнен хабардар», деген. («Мужәдәлә» сүресі,11-аят)

Ал хадис шәрифте Пайғамбарымыз (с.а.у): «Білімді талап ету әрбір мұсылманға парыз», деген болса, Исламдағы ұлы ғалым Хасан Басри: «Ғалымдар болмаса, адамдардың басқа жан иелерінен айырмашылығы болмас еді. Өйткені олардың оқытуымен адамдар адамдық дәрежеге жеткен» дейді.

Хәкім Абай атамыз: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады» деген ұлы ақынымыздың сөзін алға тарта отыра, сіздерді «БІР АЛЛАНЫҢ АТЫМЕН – КЕЛ БАЛАЛАР ОҚЫЛЫҚ!» атты жазғы онлайн діни сауат ашу курсына шақырамыз.

Мақсаты:

  1. Балаларды имандылықпен әдептілікке тәрбиелеу;
  2. Дінімізбен дәстүріміздегі отансүйгіштікпен отбасы құндылықтарын насихаттау;

Курс мерзімі: Екі апта, 22 Маусымнан басталады

Бағдарламасы: Аптаның әр күні 30 минут, әр күні сағат 10:00 де.

Оқытылатын пәндер: Құран әліппесі, Әдеп сабағы.

«Бір Алланың атымен – Кел балалар оқылық!» атты онлайн діни сауат ашу курсы қатысуға ниетті барлық адамдар үшін ашық тікелей эфирде Instagram желісіндегі asar__semey, Facebook желісіндегі Семей-Мешіті-Семей және Youtube желісіндегі Meshet Semey парақшалары арқылы тіркеліп қатыса алады.

Курс соңында өткен дәрістерге байланысты сұрақтарға жауап берген балалармен қатысушыларға алғыс хаттармен сыйлықтар беріледі.

Курс туралы толығырақ мағлұмат алғыңыз келсе, мына нөмірге хабарласыңыз: 87756444893