“ӨМІРГЕ ҮМІТ СЫЙЛА” АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА САРЖАЛДЫҚТАР СЕМЕЙДЕГІ 7 АУРУХАНАҒА 1 ТОННА ҚЫМЫЗДЫ ТЕГІН ТАРАТТЫ.

Аталарымыз- “Сапырылған сары алтындай сары қымыз- сауға қуат, ауруға ем, дәрі қымыз“-деп, қымыздың емдік қасиетін жетік білген.

Саржал десе көпшіліктің есіне қазақтың   сусыны  қымыз еске түседі. Бүгінде осы елдің азаматтары  ел басына түскен ауыр кезеңде, Семей қаласы имамдарының насихаттауымен Семей қаласындағы 7 ауруханасында індетке шалдығып емделіп жатқан жәнеде осы індетті өзіне жұқтыру қауіпі бола тұра, науқас жандардың күніделікті жандарынан табылып жүрген, қазіргі уақыттың батырлары, пандемия басталғалы бері вирустың алдыңғы шебінде жүрген ақ халатты абзал жандарға  ҚМДБ Зекет қоры ұйымдастыруымен “Өмірге үміт сыйла” акциясы аясында 1 тонна қымызды тегін жеткізіп берді. Сондай-ақ Зекет қоры ұйымдастыруымен 120 адамға тамақ дайындалып таратылды. “Өмірге үміт сыйла” акциясы әрі қарай да жалғасын табады. Осы акцияға атсалысқан барша ағайындарға алғысымызды білдіріп, Алла разы болсын дей отырып, осы акция әрі қарайда жалғасатынын жәнеде барша халқымызды осы акцияға атсалысуға шақырамыз. Алла Тағала Құранның «Мәида» сүресінің 32-аятында: «Кімде-кім бір адамды тірілтсе (өлім қатерінен құтқарса) ол, бүкіл адамзатты тірілткенмен тең», – деген.
Kaspi Gold:  4400 4301 2682 4561
Amanzholov Birzhan
Тел номер:87013108999