Семейде тағы да 30 оттегі аппаратын ауруханаларға таратты.

Еліміздегі вирустық пневмония індетімен күресте Семейлік дін қызметкерлері мен жергілікті жамағат та шет қалмауда.

Осыған дейін республикалық «Зекет» қоры және Семей мешіттерінің ұйымдастыруымен 27 өкпені жасанды желдету аппараты сатып алынып, аймағымыздағы ауруханаларға таратылған болатын. Бұл игілікті шара тағы да Зекет қоры ұйымдастыруымен “Өмірге үміт сыйла” акциясы аясында Семей емханаларына 30 дана өкпені тыныстандыру аппараты және 10 дана пульсоксиметр таратылып берілді.  Ауруханалардағы вируспен күресте алғы шепте жүрген дәрігерлер қауымы мен сауыға бастаған сырқат жандар ақжарма алғыстарын білдіруде.

«Кімде-кім бір адамды тірілтсе (өлім қатерінен құтқарса) ол, бүкіл адамзатты тірілткенмен тең» делінген Құран-кәрімнің «Мәидә» сүресінің, 32-ші аятында.

Аталмыш қайырымдылық шарасы әлі де жалғасуда. Ұйымдастырушы дін қызметкерлері осынау акцияға үлес қосып, Жаратушының ризалығына кенелгісі келген жомарт жандарды ат салысуға шақырады.

Семей өңірі бойынша «Зекет» қорының есепшоты:

Kaspi Gold: 4400 4301 2628 4561.

Телефон нөмірі: 87013108999. Біржан Аманжолұлы.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.