Аягөз, Жарма, Үржар аудан имамдары ауруханаларға тыныс алу аппаратын жеткізді ФОТО ВИДЕО

ҚМДБ «Зекет» қорының Cемей өңірі бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Өмірге үміт сыйла!» акциясы аясында Аягөз, Жарма, Үржар ауданының имамдары өкпені демалдыратын қондырғы және қан қысымын өлшейтін пульсоксиметр, дәрігерлер киетін қорғаныш киімдерін  жергілікті ауруханаларға жеткізді.

Тарқатып айтар болсақ, «Өмірге үміт сыйла» акциясы басталғалы Семей өңірі мешіттері 85 тыныс алу аппаратын имамдармен жамағаттың ұйымдастыруымен  емдеу мекемелеріне жеткізді.

Дәрігерлер жомарт жандарға, сын сәтінде жақынына жанашыр болған жамағатқа және осы қайырымдылық шарасын ұйымдастырған мешіт имамдарына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.

«Алла еліміздің іргесін аман етіп, берекеден айырмай, індеттің ауылын алыс етіп, дерттілерге шипа дарытқай» – деп мешіт имамдары ізгі тілектерін жеткізді.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.