Құрбан айт қарсаңында 100 – ден аса отбасыға зекет берілді

Құрбан айттың қарсаңында жомарт жандардың қолдауымен Семей Қос мұнаралы орталық мешітінде Зекет қорының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.

Осы іс – шарада көп балалы отбасылармен мешіт тазалықшыларына 30 мың теңгеден 106 адамға 3 000 000 теңгеден астам қаржылай көмек көрсетті

Алла Тағала Құранда: «Бір жақсылық істеген адам он есе сауапқа ие болады» («Әнғам» сүресі, 160-аят), – деп айтқан.

Осы ретте  Семей өңірі бойынша «Зекет» қоры игі, ізгі, сауапты іс-шарараға қол ұшын берген азаматтарға алғысын білдіріп, болашақта өз үлесін қосуға ниет еткен қайырымды жандардың қатары көбейетініне сенеді.

Өздеріне жасалған жақсылыққа разы болып, көңілдеріне қуаныш ұялаған көпшілік «Зекет» қорына алғыстарын айтып, дұға жасап тарқасты.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.