Қайырымдылық хайырлы іс

Аягөз қалалық мешіті қайырымды демеушілер  көмегімен мұқтаж жандарға қолұшын созып, көмек беріп тұрады.

Қасиетті жұма күні жеті мүгедек отбасыларына қайырымдылық жасады. Күнделікті тұрмысқа қажетті ұн, май, рожки, т.б азық – түліктер түрлерін  үйлеріне апарып табыстады. Мешіттің осынау хайырлы істеріне көмек алушылар алғыс білдіріп, рахметтерін айтты.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі