Мәуліт айына орай Семейдегі балалар үйінде қайырымдылық іс-шарасы өтті

Семей Қос мұнаралы Орталық мешітіндегі әйел-қыздар секторы және Жастар ісі секторының еріктілері Мәуліт айына орай қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Ел Президентінің бастамасымен қолға алынған «Сабақтастық» жобасы аясында өткен акция барысында еріктілер қауымы Мәуліт айының құрметіне арнап, балаларға тәтті-дәмділерден тұратын сыйлықтар ұсынды.

Акцияның мақсаты – балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мейірімділік көрсету, қайырымдылыққа баулу және оларға жан-жақты моральдық қолдау жасау болатын.

 Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі