Семейлік имамдар арнайы грамотамен марапатталды Фото

Жыл қорытындыланар шақта бірқатар семейлік дін қызметкерлері марапат иелері атанды. Атап айтсақ, ШҚО Дін істері басқармасының басшысы Н.Құнанбаев аймағымыз бойынша үлкен жетістіктерге жеткен мешіт имамдарын арнайы грамотамен марапаттады.

 Семей Қос мұнаралы Орталық мешітінде өткен осынау рәсім барысында басқарма басшысы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының құрылуының 30 жыл толуына орай, толеранттылық пен қоғамдық келісімді нығайтуға, халықтың тарихи, рухани және мәдени құндылықтарын сақтауға қосқан үлесі үшін жергілікті имамдарға салтанатты түрде арнайы грамота табыс етті. Сонымен қатар, семейлік дін қызметкерлерінің атқарған еңбектеріне алғыс айта отырып, ұлт бірлігі мен идеялық тұтастығы, мемлекеттілігіміздің бекемдігі, руханият жолында әлі де қажымай еңбек ете беретіндіктеріне сенім білдірді.

Семей Қос мұнаралы Орталық мешіттің баспасөз қызметі.