«Қазығұл ата» мешіті қайырымдылығы

Аягөз ауданына қарасты, Мамырсу ауылы, «Қазығұл ата» мешіті жанынан құрылған еріктілер тобы  әлеуметтік аз қамтылған 5 отбасына қайырымдылық жасады.

Азық – түлікпен қатар, отқа жағатын көмір үйлеріне жеткізіліп берілді. Қайырлы іс бұл Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сара жолы, сүннеті және ата – бабаларымыздың өсиеті мен қоғамға пайдасы тиетін әрекет. Айналамыздағы мұқтаж жандарға көмек беру, Алланың рахымына бөленуге апаратын ізгілік. Мешіттің ізгі ісіне көмек алушылар алғыстарын білдірді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі