Семей аймағы Республикалық қайырымдық марафонына үлес қосты Фото

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, хазіреттің бастамасымен, ҚМДБ «Зекет» қорының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық жаршысы» атты республикалық онлайн марафоны өтті.

Айта кетсек, бүгін «Қайырымдылық жаршысы» атты республикалық онлайн марафон аясында бір мезетте еліміз бойынша 9 мыңға жуық отбасыға азық-түлік себеті жеткізілді. Ал Семей аймағы бойынша 400 ге жуық отбасыға аталған көмек көрсетілді. Имамдар мен ерікті жандар санитарлық талаптарды сақтай отырып, азық-түлік себетін көмекке мұқтаж жанның үйіне жеткізіп берді.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.