Әлихан Бөкейханұлы атындағы мешітте қыздар арасындағы Құран жарысы өтті

Семейдегі Әлихан Бөкейханұлы атындағы мешітте өңір бойынша қыздар арасындағы Құран жарысы болып өтті.

Санитарлық-эпидемиологиялық талап шарттары толық орындалған аталмыш іс-шара ұлтымыздың біртуар перзенті Ә.Бөкейханұлының 155 жылдығына арналған болатын. Іс-шара құран аяттары оқылып Әлихан Бөкейханұлының рухына бағыштылумен басталды.

Жарысқа әртүрлі жастағы 25  шәкірт қатысып, Құранның 30-шы парасын және 22 сүрені толықтай жатқа  бойынша өзара сынға түсті. Қатысушылардың барлығы дерлік мешіт ұстаздарынан тұрақты дәріс алып жүргендіктен, тәжуид қағидаларын мүмкіндігінше толық сақтап, жақсы нәтиже көрсете білді.

Дегенмен үздік деп танылған қатысушыларға жүлделі орындар тағайындалды. Бас имам Асқар Әбітайұлы барлық қатысушыларға алғысын білдіріп,  арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар  табыстады.

30 – шы пара және 22 сүре бойынша үш жүлделі орын иегерлеріне

1-орынға – 100 мың және 80 мың

2-орынға – 80 мың және 60 мың

3-орын 60 мың және 40 мың теңгенің сертификаттары берілді.  Үміткерлердің ішіндегі кішкентай қатысушыларға да арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар берілді.

Шәкірттерді дайындаған сауат ашу курсының ұстаздарына бағалы сыйлықтар табысталды.

«Иманы бар, ибалы қыздар ғана, ертең ұлттың айналар анасына…» демекші, алаш зиялысының құрметіне арналған шараның тағылымдық мәні зор болғаны анық.

Қос мұнаралы Орталық мешіттің баспасөз қызметі