Имамдар сынақ тапсырды

Аягөз қалалық мешітінде ауыл имам – молдалары

«Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» мен «Имамның тұлғалық келбеті» жайлы кітапшалардан сынақ тапсырды. Ауданның бас имамы Алмас Айткәрімұлы және наиб имам Дәулет Қинаятұлы аталмыш кітаптардан сұрақтар қойып, сынақ тапсырушылардың жауаптарын бағалады. Сынақ соңынан имам – молдаларға алғыс хат табысталды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі