Әжелер мектебі Наурыз мерекесіне орай ұлттық дәстүрлі шара өткізді.

Дәстүрі жараспағанның дәм-тұзы жараспайды - демекші дана халқымыз.

Салт -дәстүрді ұстану, әр халықтың өзінің құндылықтары мен ерекшелігін сақтап қалу үшін өте маңызды.  Бабаларымыз  әрқашан діні мен әдет ғұрпын бір бірімен ұштастырып келген. Осындай мерекелердің бірегейі Наурыз,  ежелден келе жатқан төл мерекеміз болып табылады.

Дәстүрімізді жаңғырту мақсатында Семей қаласының әйел-қыздар секторы мен әжелер мектебі Наурыз мерекесін атап өтті. Аталған шара суат ашу курсы шәкірттерінің Қасиетті Құран оқуымен  бастады. Әжелер қазақтың ұлттық тағамдары мен елімізде Наурыз

тойлаудың тарихымен таныстырды.  Сонымен қатар қол өнер шеберлерінің ұлттық бұйымдарының көрмесі өтті. Қонақтар мерекелік астан дәм татып, әжелеріміз ел амандығын тілеп бата беріп, демеушілерге алғыс білдірді.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.