ҚМДБ -ның КОНЦЕПТУАЛДЫ ҚҰЖАТТАРЫ кітабы таныстырылды

Үржар аудандық орталық мешітінде

ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Қыдырмоллаев Ернат Қыдырмоллаұлы және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей өңірі бойынша Бас имамы Мұқанов Асқар Әбітайұлының қатысуымен Үржар ауданы имамдарының кеңейтілген жиыны өтті.

Жиын барысында Асқар Әбітайұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас муфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының бекіткен «Жеті рухани қазық», «Ас беру», «Зират және зиярат ету мәдениеті», «Зияткер имам»  құжаттарымен таныстырды.

Атап айтқанда, «Жеті рухани қазық» тұғырнамасының мұсылманның бойындағы адамгершілік, әдептілік, сыйластық сияқты ізгі сипаттарды қалыптастыру және ұлағатты ұрпақты тәрбиелеу туралы ғибратты насихаты айтылды.

Кездесуде аудан имамдарына ас берудегі ысырапшылдықты тыю, ас беру шарасын бір үлгімен өткізу, жерлеу рәсімі мен зиярат жасау мәселелері, зияткер имамның заман талабына сай жан-жақты болуы жөнінде семинар өткізілді.

Үржар аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі.