Семей аймағына қарасты мешіттерде сенбілік өтті

ҚМДБ Семей аймағы бойынша өкілдігі қасиетті Рамазан айының қарсаңында мешіт аулаларына сенбілік шаралары жүргізілді. Сенбілік шарасы Семей аймағына қарасты қала, аудан мешіттерінде өтті.

Сенбілікке аймақтың бас имамы Асқар Әбітайұлы өзі бастамалық жасап, мешіттердің ұжымы және жұдырықтай жұмылған жамағаттары да атсалысты. Жамағат асарлатып, ішкі сыртқы тазалықтар толық жасалды. Атап айтсақ, әдеттегідей ағаш түптері қопсытылып, әктеліп, мешіт аулалары қоқыстан тазартылды.

Сондай-ақ әртүрлі жас ағаштардың түптері отырғызылды. Сенбілікке қатысқан барша жамағатқа өз алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта иманның жартысы болған тазалық жұмыстары өз жалғасын таппақ.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.