«Тәрбие басы – тал бесік»- дейді халық даналығы. Баларымыздың иманды, ұлағатты болып өсуі үйден алған өнегеге байланысты. Балаға дінді үйреткенде оған жақын тәсілмен үйретсек бала есінде өшпестей болып сақталады. Осы жерде асыл дініміздегі қасиетті мерекелер таптырмас мүмкіндік. Қасиетті Рамазан айының құрметіне Семей аймағы бойынша «Әйел-қыздар секторы» ұйымдастыруымен “Қош келдің Рамазан 2021” атты бейне байқау жарияланған болатын. Байқау шарты балалармен бірігіп мерекеге үйді безендіру еді. Байқауға Семей, Абай, Жезкенттен барлығы 14 отбасы қатысты. Сыйлық ретінде балалар Қос мұнаралы мешітінің наиб имамы Ерлан Досымұлы мен Әйел қыздар секторының меңгерушісі Тұлықожанова Динара ұстаздың қолынан Қасиетті Құранды және Алланың көркем есімдерін, намаз дұғалары үйрететін қуыршақ пен ойыншық автокөлік алды. Осыған орай наиб имам Ерлан Досымұлы мен Динара ұстаз аналар мен балаларға уағыз жүргізіп, ойыншықтағы сүрелер мен дұғаларды жаттауға тапсырма берді.
Семей Қос мұнаралы мешітінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру