«Әйелдер – қыздар» секторы ауызашары

Аягөз қалалық мешіті жанынан құрылған «Әйелдер – қыздар» секторы мүшелері рамазан айы құрметіне ауызашар ұйымдастырды.

Мешіт жанындағы сауат ашу орталығында дәріс алушы апалар тобына «Ауызашар себеттерін» үйлеріне жеткізіп берді. Ораза тұтқан апалар сектор мүшелеріне рахмет айтып, келесі рамазанға ел – жұрт тыныштығында аман – есен жетуге тілек тілеп, баталарын берді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі