«Ел үлесі пәтерге» Аягөз – 383 баспана

Ораза айт күні Семей аймағы, Аягөз қалалық мешітінің күзетшісі Нұрлан Мырзаханұлы мешіттің ұйымдастыруы және көпшіліктің қолдауымен баспаналы болды. Мешітте тұрып, 16 жылдан астам қызмет жасаған Нұрлан Ибраевқа Аягөз қалалық мешітінің бас имамы Алмас Айткәрімұлы қоныс тойымен құттықтап, үлес қосқан азаматтарға «Әр қазақ менің жалғызым, баспанасыз жүрген азаматтарымыз осындай қуаныштарға кенеліп,  үйлі болсын» – деген алғысын білдірді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.