Семейде: Тегін маршут акциясы өтті

7-і Мамыр "ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР"-күні мерекесі аясында, Рамазан айының қарсаңында, қасиетті ЖҰМА күні  Семей қаласы мешіттерінің ұйымдастыруымен  "ҚАЙЫРЫМДЫ ЖҰМА" "ТЕГІН МАРШРУТ" акциясы өтті.

Сауапты іс-шараны Семей қаласы мешіттерінің Жастар істері бөлімінің еріктілері мен дін қызметкері “Семей бус”қоғамдық жолаушылар тасмалы” мекемесімен бірлесіп  атқарған бұл шара өте нәтижелі болып, қала халқына күнұзақ қызмет жасады.

Қала имамдарының ұйытқы болуымен жасалған бұл шараға ақсақал аталар мен ақжаулықты әжелер, көпбалалы аналар дән ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

Жастар ісі секторынының меңгерушісі Ержан Исаханұлы көлік жүргізушілеріне дұға жасап, игі бастамаға қосылғаны үшін алғыс білдірді. Үлгі боларлық сауапты іске атсалысқан әрбір жанға  Алла тағала сауаптан жазсын! Рамазан айы берекелі болсын!
Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!Алланың үйі қасиетті  мешіттер бастаған осындай игі бастамаларда Алла тағаладан сауап, Халықтан алғыс алу үшін жарысайық ағайын!

Семей Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі.