Жастар бөлімінің ауызашары

Аягөз қалалық мешіті жанынан құрылған жастар бөлімі мүшелері 200 адамға ауызашар берді.

Қазіргі карантин жағдайына байланысты «Ауызашар қоржындарын» үйлерге таратуға ерікті жастар атсалысты. Аузы берік жандар мешіт жастарының осынау ізгі істеріне разылықтарын білдірді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз бөлімі