Жеңімпаздар марапатталды

Аягөз қалалық мешіті жанынан құрылған «Әйелдер – қыздар» секторы арасында  «Истиғфар»  айтудан онлайн жарыс өтті.

Бұрынғы өткен әз – әжелеріміз бен асыл аналарымыз аузынан «Астағфирулла» (Алла мені кешірсін) сөзін тастамай әр істерінде береке мен құт болғандығы  белгілі. Бас имам тарихтағы ардақты аналардың жақсылығын жалғастыру қазіргі ұрпақ еншісінде екендігін баяндап, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Сонымен қатар, мешіттің бас имамы Алмас Айткәрімұлы жеңімпаздарды марапаттап сыйлықтар табыстады.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі