QURBAN2021: 4754 ОТБАСЫҒА ҚҰРБАН ЕТІ ЖЕТКІЗІЛДІ (ФОТО)

Қасиетті Құрбан айттың үш күнінде Семей аймағы бойынша қала, аудан мешіттерінің құрбан шалу рәсіміне қатысты ұйымдастыру-үйлестіру жұмыстары жоғары деңгейде өтті.

Үйлестіру жұмыстарына бекітілген 5 штаб күшейтілген режимде жұмыс істеп, өз міндеттерін тиісті деңгейде орындады. Жұмыс барысында санитарлық талаптардың сақталуы қатаң қадағаланды.

Сондай ақ Бас имам Асқар Әбітайұлының ұйымдастыруымен қаламыз бен оған қарасты аудандарда 4754 отбасыға ет таратылды.

 www.qurban2021.kz сайтына қашықтан құрбан шалуға тапсырыс берген азаматтардың уәкілдік құрбандығы толығымен орындалды. Осы уәкілдік құрбандығының есебін қажет еткен жандарға атқарылған іс-шаралардың фото, видео мәліметі толық жіберілді.

Осы үш күн көлемінде 927 қой, 23 ешкі, 76 сиыр және 1 түйе сойылды.

Жасалып жатқан қайырымдылыққа өңіріміздің еріктілері мен шенді азаматтары ат салысып, барынша үлестерін қосуда. Ел басына күн туған заманда ұйымшылдықтарын танытып, қол ұшын созып жүрген жамағатқа, мұқтаж жандар ризашылықтарын білдіруде! Өткізіліп жатқан игі іс Құрбан айт уақытымен шектеліп қалмайтынына сеніміміз зор!

Семей Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі.