Шәкірттерге Сертификат табысталды

Аягөз қалалық мешіті жанындағы «Шайхан қари» атындағы діни сауат ашу  орталығында дәріс алған шәкірттерге сертификат табысталды.

Сауат ашу орталығында жазғы маусымда 25 ұл. 20 қыз дәріс алды. Жазғы демалыста сауат ашу орталығында Құран әліппесі, Әдептілік сабағы және Пайғамбарлар тарихынан дәріс алған шәкірттер оқуларын тәмәмдады. Мешіттің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы алдағы келе жатқан оқу жылына сәттілік тілеп, шәкірттердің білімге деген құлшынысына ризалық білдіріп, бата берді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі