АБАЙ ОБЛЫСЫ: ӘЙЕЛДЕР ЖАМАҒАТЫ АРАСЫНДА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Қасиетті Рамазан айында Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітте әйел-қыздар жамағатының арасында облыстық Құран жарысы өтті. Ақ жаулықты апаларымыз да, ақ жүректі аналарымыз да, ару қыздарымыз да бақ сынаған бұл сайыс Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқу, Духа-Нәс сүрелері арасында жатқа оқу номинациясы бойынша болды.

Сайысқа Абай Құнанбайұлы мешітінің ұстазы Амина Булатқызы, Қос мұнаралы мешіттің ұстазы Дариға Қайроллақызы және Төлеубек қажы мешітінің ұстазы Айжан Қуанышбекқызы төрешілік жасады.

Білім жарысына Семей қаласы мен Абай облысы аудандарындағы мешіттер жанындағы діни сауат ашу курстарында тәлім алып жүрген нәзік жанды арулар қатысты.

Духа-Нәс номинациясы бойынша:

1-орын (70 мың тг) –  Дәулетханова Аяулым

2-орын (50 мың тг) – Айгерім Олжасқызы

3-орын (30 мың тг) – Альбина Жуанышбай

30-шы пара номинациясы бойынша:

1-орын (100 мың тг) – Сейтқазы Ақбота

2-орын (70 мың тг) – Майтақ Көгершін

3-орын (50 мың тг) – Амангазина Самал есімді қатысушыларымыз жеңімпаз атанып, қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Қазіргі таңда Семей қаласыАбай облысы мешіттерінде әйел жамағаттарына дәріс беретін 11 әйел ұстаз қызмет етіп келеді. Жалпы алғанда, жыл бойына қыз балаларға арналған діни сауат ашу курстары, жазғы демалыста «Имани жаз» курстары тұрақты түрде ұйымдастырылып, қара көздеріміздің рухани сауатын арттыруға бағытталған игі істер көптеп атқарылып жатыр.