АБАЙ ОБЛЫСЫ: “ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАРЫСЫ” ЭСТАФЕТАСЫ ӨТТІ

Абай облыстық QAMQOR-SHARAPAT салттық қызмет көрсету мекемесінің меңгерушісі Арман Мэлсұлының ұйымдастыруымен “Жақсылық жарысы” эстафетасы болып өтті. Ізгі эстафета аясында Семей қаласындағы аз қамтылған, тұрмыстық жағдайы төмен 20 отбасыға азық-түлікпен қайырымдылық көмек көрсетілді.

“Рамазан – қайырымдылық айы. Ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі борлсын) – өте жомарт жан болған. Алайда, ол кісінің жомарттығы Рамазан айында одан сайын еселене түсетін болған екен. Сол себепті, Алла елшісінің өнегелі жолын үлгі тұтатын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы QAMQOR-SHARAPAT салттық қызмет көрсету мекемесінің Абай облыстық филиалы атынан осынау біргі игі іске мұрындық болып отырмыз. Алла ізгі амалымызды қабыл етсін. Баршаңызға қасиетті Рамазан айы құтты, берекелі болсын”, – деп атап өтті.

Өз кезегінде қайырымдылық көмек алған жандар разылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.