Тыныбай мешітінде жазғы сауат ашу курсы өтті.

Семей қалалық Тыныбай мешітінде 1-31 шілде аралағында балаларға арналған жазғы діни сауат ашу курсы өтіп, өз мәресіне жетті.

Курсқа барлығы 25 бала қатысты. Шәкірттер курс барысында Алланың сөзі Құранды түпнұсқасынан оқудың алғашқы қадамын бастап, Құран әліппесін үйренді. Сонымен қатар, Имандылық әліппесі оқып, имандылық шарттары мен Ислам әдептерінен тәлім алды. Асыл дініміздің құндылықтарын бойына сіңіріп, Құран аяттарын, Пайғамбар өсиеттерін, қазақ халқының мақал-мәтелдері мен ақындарымыздың адамгершілікке шақыратын өлеңдерін жаттады.                                                                                                                                                                                                                        Курс соңында шәкірттерге бір ай бойы үйренген білімдерін растайтын куәлік пен мешіт атынан сыйлықтар табысталды.
Бітіру салтанатына қатысқан ата-аналар балаларының пайдалы білім үйреніп, көптеген жақсылықтарды бойларына сіңіргеніне қуанып, мешіт имамдары мен ұстаздарына алғыстарын білдірді.

Семей қалалық Тыныбай мешітінің наиб имамы Серіков Қуаныш