Семей қаласы Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінде қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан жас бүлдіршіндер арасында сайыс өтті.

Бүгін ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойының аясында ҚМДБ ұйымдастыруымен, Семей қаласы Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешіттің тікелей қолдауымен, қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан жас бүлдіршіндер арасында сайыс өтті.

Нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, 1, 2, 3 орын жеңімпаздарына арнайы ақшалай сыйлық, медаль, және мақтау қағаздары табысталды. Бұдан бөлек барлық қатысушыларға мешіт атынан ақшалай ынталандыру сыйлықтары берілді. Қазақтың ұлттық ойындары ұмыт болмай, атадан балаға мирас болып жалғаса берсін.

Семей Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі.