ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛ БОЛУЫНА ОРАЙ СЕМЕЙ ӨҢІРІНДЕ 30 МЕШІТ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ (ФОТО)

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекеті пайда болған кезден бастап тура 30 жыл толды. Осы орайда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастамасымен өңірлердегі көне мешіттерді күрделі жөндеуден өткізу тапсырылған болатын. Семей өңірі бойынша осы 2021 жылы 30 мешіт тәуелсіздік 30 жылдық мерейтойына орай көне, ескі мешіттерді жөндеу, жаңарту жоспарланған еді. 

Мәселен, Ұржар аудандық мешіті, Ұржар ауданы Айтпай ауылдық мешіті, Бесқарағай ауданы, Бородулиха ауданы, Жезкент ауылдық мешіті, Абай ауданы Құндызды ауылдық мешіті, Аягөз ауданы Шыңқожа ауылдық мешіті, т.б. 30 мешіт күрделі жөндеуден өтті.

Бас имам Асқар Әбітайұлы мешіттің құрылысына белсене атсалысқан демеушілер мен жомарт жандарға алғыс хат тапсырып рақметін жеткізді.

«–Алла үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз хадисінде былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды». Ислам тарихында мешіт салу – барша пайғамбарлар шұғылданған қадірлі іс болған»- дей арқылы Семей өңірінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы сөзін қорытындылады.

Семей өңірі тәуелсіздік мерекесіне орай 30 игі шара бағдарламасын жасап, жоба аясында Семей өңірі бойынша көптеген игі істер атқарылды.

 

 

Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі