СЕМЕЙ ҚАЛАЛЫҚ МЕШІТ ЖАНЫНАН ШАҒЫН СПОРТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ. (ФОТО)

Семей қалалық «Әлихан Бөкейхан» мешіті жанынан жергілікті әкімшілік қолдауымен шағын спорт алаңы салынды.  

Салтанатты  шарада Семей өңірінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы игі іске үлес қосып, қолдау көрсеткен әкімшілікке алғысын білдірді. Сондай-ақ осындай игі жұмыстарды ұйымдастырып жүрген мешіт имамы  Қанағат Сейтханұлына және кент тұрғындарына ризашылығын білдірді.

 

Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі