СЕМЕЙ ӨҢІРІ: ШҮЛБІ АУЫЛЫНДАҒЫ ЖАҢА МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫ (ФОТО)

   Семей өңірінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы Шүлбі ауылында жаңа салынып жатқан мешіт құрылысы және салыну проектісімен танысып қайтты. Бұл Шүлбі ауылындағы ең алғашқы салынып жатқан мешіттердің бірі. Сәулетті мешітке арнап жүргізіліп жатқан жұмыстардың бүгінгі ахуалымен танысып, құрылыс жұмыстарына жауапты мамандармен сұхбаттасты. Мешіттің ашылуын жаз айына жоспарлап отыр. Халқымыздың діни және рухани дамуына, жастардың дұрыс тәлім-тәрбие алуына, ынтымақ пен тұтастыққа баулитын ғибадат үйлерінің негізгі қызметтері турасында насихат айтты. Демеушілерге бас имам ыстық лебіздерін, рахметін білдірді.

Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі