АЯГӨЗ: «Асылда, мейірбан аналар» атты ізгілікті шара (ФОТО)

Аягөз қалалық мешіті жанынан құрылған «Әйелдер – қыздар» секторы мүшелері арасында «Асылда, мейірбан аналар» атты алтын құрсақты аналар арасында сайыс өтті. «Хадиша» және «Фердаус» атты екі топ арасында таныстыру, көрініс, қол өнері, талқан тию, дастархан әзірлеу т.б танымдылық сайысы ұйымдастырылды. Аналар арасынан әділ қазылар бағаларын беріп отырды. Мешіттің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы ұйымдастырылған ізгілікті шараға сәттілік тілеп, Алла елшісі (с.ғ.с) хадисінде: «Араларыңда жақсыларың, басқаларға пайдаларың көп тигендерің» – деп айтқандығын тілге тиек етті. Мешіт шәкірттері ана туралы тақпақтар айтып, салт – дәстүрден тәрбиелік сабақ алды. Жарыс қорытындысы бойынша І – орын «Фердауыс» тобы, ІІ – орын «Хадиша» тобы иеленді. Қатысушыларға алғыс хатпен, марапат, сыйлықтар табысталды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі