ӨЗГЕГЕ ЖЫЛУ СЫЙЛАУ – САУАПТЫ ІС (ФОТО)

   Аягөз ауданына қарасты Мамырсу ауылы, «Қазығұл ата» мешітінің имамы Мұрат Жақсылықұлы бас болып, мешіт жамағатының қолдауымен, қамқоршысынынан айырылған, жалғыз басты екі ананың отбасына 1,5 тонна көмір таратылды. Қыстың суығында өзгеге жылу сыйлауға себепкер болу Алла разылығына бастайтын ізгілікті іс. Алла елшісі (Оған сәлемі мен игілігі болсын) хадисінде: «Кім бір мұсылман бауырының ісі орындалғанға дейін, оның көмегінде жүрсе, Алла Тағала ол кісіні жетпіс мың періштемен қорғайды» – деген. Алланың қорғанында, мұқтаждың көмегінде, ізгілікті істің басында жүруді баршамызға Жаратушы Иеміз нәсіп етсін.