АЯГӨЗ: ӘЗ-НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ (ФОТО)

      Аягөз қалалық мешіті ауласында қасиетті жұма күні «Дін мен дәстүр» сабақтастығы аясында «Әз – Наурыз мерекесі» аталып өтті. Мешіт имамы Алмас Айткәрімұлы күн мен түн теңелетін ұлттық мерекемен құттықтап, өткізгелі отырған спорттық шараға сәттілік тіледі. Мешіт ақсақалдары «Ақ мол болсын!», «Жатартушымыз жарылқасын!» – деп, көпшілікке жүрекжарды ақ бата тілектерін жаудырды. Ақдастарханның басты асы саналған, наурыз көжесін ішу тоқшылықтың белгісі. Апалар наурыз шашуын шашып, жамағатқа наурыз көже таратылып, қыздар алтыбақан теуіп, ер азаматтар арасында арқан тартысы, қол күресу, гір тасын көтеру жарыстарын көпшілік тамашалады. Сонымен қатар жәрмеңке ұйымдастырылып, мерекенің ажарын аша түсті. Жеңімпаздар жүлделі орындарымен құттықталып, марапат қағазы, сыйлар табысталды.