БАС ИМАМ АСҚАР ӘБІТАЙҰЛЫ БРИФИНГТЕ (ФОТО)

Бүгін Семей қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Семей өңірі Бас имам Асқар Әбітайұлы Семей қаласы әкімшілігі мен бірлесе «Рамазан айына дайындық» тақырыбындағы брифингке қатысып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Брифингте Бас имам Асқар Әбітайұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының он екі айдың сұлтаны Рамазан айымен құттықтауын жеткізіп, қазақстандықтарды қасиетті айда мешіттерде атқарылатын шаралар жайлы атап өтті.

«Алла қаласа, Шариғат үкімі мен ғылыми зерттеу жұмысының қорытындысына сәйкес, биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. 2 мамыр – Ораза айт күні. Биыл ораза 30 күнге созылады. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – қасиетті Қадір түні екендігін баяндады.

Семей өңірі Бас имамы Хазрет мүфти бастамасымен қолға алынып жатқан кәсіпкерлерді қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға шақырды.

«Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кім де кім бауырының қажетін өтесе, Алла оның қажетінде болады. Кім де кім мұсылманның бір қайғысын сейілтсе, Алла оның қайғы-қасіреттерінің бірін сейілтеді» деген. Рамазан – Раббымыздың мейірім-махаббатына бөленетін ай. Ендеше, берекелі айдың берекетінен құр қалмайық!» деп сауапты мол айда жақсылықта жарысудың сауап екендігін айтты.

Өңіріміздің біршама қала және аудан-ауыл мешіттерінде тарауих намаздарында қарилар толық құранды хатым ететін болатындығын жеткізді.

 

 

“Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі