Семей қаласындағы Жоғары гуманитарлық-заң және техникалық колледж студенттерімен «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге Семей өңірі Бас имамы Асқар Әбітайұлы, және Жоғары гуманитарлық-заң және техникалық колледж директоры заң ғылымдарының кандидаты, профессор Сергазинов Болат Рамазанұлы сөз сөйледі.
Рухани-танымдық іс-шара барысында Бас имам Асқар Әбітайұлы Құмар Ислам дінінің тарихы мен қазақ халқының тұрмыс тіршілігін сабақтастыра отырып, ата-бабаларымыздың мұсылман болып Ислам дінін тәрбие жолын ұстанып келгендігін, сондай-ақ, бүгінгі таңда мүфтиятымыз тарапынан осы жастарға білім беру бағыт бойынша жасалып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу соңында студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.
“Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру