АЯГӨЗ: “ЖОМАРТ ЖҰМА” ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҒЫ ӨТТІ (ФОТО)

Аягөз қалалық мешіті қасиетті жұма, келе жатқан Рамазан айы құрметіне «Жомарт жұма» қайырымдылығын ұйымдастырды. Күнделікті тұрмысқа қажетті азық – түлік салынған пакеттерді еріктілер тобы көп балалы отбасыларына табыстады. Мешіттің қайырлы ісіне аналар алғыстарын білдірді.