“ҚОШ КЕЛДІҢ РАМАЗАН” АТТЫ РУХАНИ КЕШ ӨТТІ (ФОТО)

  Семей қалалық “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен  «Қош келдің Рамазан» атты рухани кеш өтті.

  Кеште Тыныбай мешітінің ұстазы Мадина Оразайымқызы ораза ұстаудың маңыздылығы туралы сөз қозғаса, «Әйел-қыздар» секторы жетекшісі  Данагүл Төлегенқызы Рамазан жайлы айтқан уағыздары келген жұрттың иманына ерекше әсер етті. Айтылған уағызбен қатар видеороликтер, интелектуалды және сергіту ойындары ойнатылып қатысушыларға сыйлықтар берілді. Сайыс сыйлықтарынан бөлек келген әр кісіге намаз кестесімен ауыз бекіту, ауызашар дұғалары жазылған парақтар  таратылды.

 

 

 

 

“Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі