АЯГӨЗ: АЯГӨЗ МЕШІТ КОМАНДАЛАРЫ ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗДАРЫ (ФОТО)

Шағын футболдан Шығыс Қазақстан облысы ерлер командалары арасында Қарақол ауылының тұрғыны Жуматаев Айдар Жексембайұлын еске алу ашық турнирі Үржар ауданы, Қарақол ауылында өтті. Аягөз қалалық мешіттерінен шағын футболдан өткен турнирге екі команда қатысты. Турнир қызықты да, тартысты өтті. І – орын Аягөз мешіті -1 командасы, ІІ – орын Қарақол командасы, ІІІ – орын Аягөз мешіті –2 командасы иеленді. Жеңімпаздарға Алғыс хат, ақшалай сыйлықтар табысталды.