БАС МҮФТИ ПАЙҒАМБАР МЕШІТІНЕ ЗИЯРАТ ЖАСАДЫ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мәдина қаласындағы бірқатар кездесулерін аяқтап, Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мешітіне арнайы зиярат жасады.

Бас мүфти ғибадаттың сауабы мың есеге көбейетін қасиетті орында еліміздің, күллі әлем халқының амандығы үшін дұға жасап, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәлем-салауаттар жолдады.