АЯГӨЗ: “ҚЫЗ ӨССЕ ЕЛДІҢ КӨРКІ” АТТЫ ҚЫЗ СЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)

Аягөз қалалық мешіті жанынын құрылған «Әйелдер – қыздар» секторы мүшелері ұйымдастыруымен «Қыз өссе елдің көркі» атты тақырыпта қыз сыны өтті. Қатысушыларға қойылған талаптар: өзін таныстыру, қасиетті Құран сүрелерін жатқа оқу, үй тапсырмасы, өз өнері, ас мәзірі атты тақырыптарда әділ қазылар төрелігін берді. Қыз сыны қызықтыда, тартысыты өтті. Қазылық еткен қажы апалар шешімімен бас жүлде Айгүл Серікханқызы, І – орын Алтынай Нұржанқызы, ІІ – орын Жұлдыз Мақсатқызы, ІІІ – орын Күнсұлу Нұрланқызы иеленді. Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы уағыз – насихат айтып, жеңімпаздар сыйларын табыс етті.