ИМАНИ ЖАЗ САУАТ АШУ КУРСЫ ТӘМАМДАЛДЫ (ФОТО)

Семей қалалық «Абай Құнанбайұлы» атындағы мешітінің ұйымдастыруымен жазғы «Имани жаз» сауат ашу курсы аяқталды.

Мұнда білікті ұстаздар дәріс беріп, шәкірттерге имандылық, адамгершілік құндылықтарымен қатар алғашқы сатылы діни білім үйретілді.

Жалпы алғанда курста 100 бала тәлім алды. Соның ішінде 35 бала қасиетті «Құран Кәрімді оқу және жаттау» денгейіне жетті.

Осылайша бұл түлектерге де арнайы сертификат беріліп, дастархан жайылды.