АЯГӨЗ: ҚҰРБАН АЙТ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ДАЙЫНДЫҚ (ФОТО)

Аягөз қалалық мешітінің ұжымы келе жатқан қасиетті құрбан айт мейрамы қарсаңында мешіт ауласында тазалық жұмыстары жүргізілді. Өскен шөптер шабылып, қоқыстар тазаланып, алдағы уақытта асфальт төселетін жерлердің топырақтары шығарылып, жерлері тегістелді. «Құрбан айт құтты болсын» құттықтау банерлері ілінді.